Уважаемый читатель!
Поделись интересной новостью со своими друзьями в социальных сетях!

3 - Наталья Балашова

4 - Сагандык Маугузин

5 - Алма Жусупова

8 - Анна Пенькова

10 - Серик Муканов

11 - Иван Моор

17 - Лев Калантырев

18 - Ольга Попова

20 - Василий Манзя

20 - Аслан Нурсеитов

22 - Болат Кожахметов

23 - Самат Шаймерденов

27 - Жулдыз Зейтенова

26 - Юлия Исакова

29 - Лариса Морозова

30 - Назерке Турсунова

30 - Акерке Кабыкеева

ГлавнаяСтуденческий меридиан ⇒ Абай оқуларының жеңімпазы

Абай оқуларының жеңімпазы

«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты қалалық Абай оқулары байқауы жылдағы дәстүрмен биыл да  тіл мерейін көтерді. Бұл байқаудың мақсаты Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас – ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады. Өзге ұлт өкілдерінен облыс орталығы Петропавл қаласынан 18 бен 35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты.

Байқау екі номинациядан өтті. Бірінші тапсырма бойынша үміткерлер Абай шығармаларын (поэзия, қара сөздері) қазақ тілінде жатқа айтудан бастап, екінші тапсырмада «Абай жолы» романынан үзінді оқумен аяқтады.
Екінші тапсырманың шарты Абай әндерін орындау арқылы әншілік қабілетін таныту болды. Байқаудың шарты бойынша «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындауға шек қойылды, сондықтан да конкурсанттар Абайдың басқа әндерін немесе халық әндерін сахна төрінде орындады. Бұл жолы өнер сайысында әр түрлі музыкалық аспаптар: флейта, гитара, қобыз қоса орындалды.
Екі сағатқа созылған байқаудың соңы жеңімпаздарды анықтаумен аяқталды. Қазылар алқасының шешімімен үш жүлделі орын және гран – при тағайындалды. Байқаудың жеңімпазы бірінші орынды Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің 2 курс студенті Матвеева Юля иеленді. 2012ж Матвеева Юля өзінің оқып жүрген оқу орнының намысын қорғап, «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Тіл – достық бірлігі» қалалық байқаулардың жеңімпазы болып атанған. Осы байқауда Юля өзінің көркем оқу шеберлік талантын көрсете білді. Алдағы жоспарда Юляның арманы гран - приді ұтып алу. Юляның ұстазы, топ жетекшісі ретінде осы арманын орындалуына сенемін.

Балгарина Б.А
СҚКПК қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің оқытушысы




Искать похожие статьи:

Оставьте свои комментарии